Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Ақмолада 13 жасар баланы бопсалаған елорда тұрғыны ұсталды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 20:51

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 13 жасар жасөспірімді бопсалаған Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылғы 9 тамызда Ақкөл қаласында 13 жасар жеткіншектің анасы полицияға арызданып, белгісіз біреу кәмелет жасына толмаған баласынан алтын бұйымдар талап еткенін айтқан.

Жедел іздестіру кезінде Ақкөл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап ұстады. Күдіктіден түсініктеме алынды.

«Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі (бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» дейді ведомстводан.

Жоғары қарай