Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Ақмолада 154 мың студент пен оқушы парасаттылық сағатына қатысты

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 21:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 154 мың студент пен оқушы парасаттылық сағатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында Білім күні еліміздің барлық оқу орындарында тұңғыш рет жалпы республикалық «парасаттылық сағаты» өтті.

«Шара Ақмола облысының барлық оқу орындарында, яғни, 557 мектеп, 33 колледж, 4 жоғары оқу орнында өтті. Қатысушылардың жалпы саны 124 мың оқушы мен 30 мың студентті құрады.

Дәріскерлер ретінде мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының басшылары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыстық және аудандық арнайы мониторинг топтардың өкілдері, аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері шақырылды», дейді ведомстводан.





ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Көкшетау қаласының №2 орта мектеп-лицейінің оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы баяндап, адал, әділ, мейірімді және сыпайы болуға шақырды. Кездесу қызықты әңгіме түрінде өтіп, онда балалар үйде, жұмыста болғанда, жолда жүргенде немесе кезекте тұрғанда өздерін қалай ұстау керектігін талқылады.

«Парасатты азамат болу - әрбір қазақстандықтың өмір сүру ісіне айналуы тиіс. Өз өзіне, өз еңбегіне және қоршаған ортаға адал және парасатты қарым-қатынаспен қарау - еліміздің жетістігінің басты факторы» - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Қоғам қайраткерлері осынау үлкен іс-шарадан шет қалмады. Атап айтқанда, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова мен «Белый блоггер» ҚБ төрағасы Ерлаз Жайықбаев белсенді қатысты», дей келе, ведомствоның баспасөз қызметіндегілер оқушылар мен студенттер арасында парасаттылықты қалыптастыру жұмыстары оқу жылының соңына дейін жүргізілетінін атап өтті.


Жоғары қарай