Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмолада 72 жастағы зейнеткер жасөспірімді соғып мерт қылды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 17:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 72 жастағы қария көлігімен мотоцикл айдаған жасөспірімді соғып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қыркүйектің 18-де Степногор қаласының Бестөбе кентіндегі Мир және Покрышкин көшелерінің қилысында орын алған.

«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары кешкі сағат 18:40-та Бестөбе кентінің 72 жастағы тұрғыны «Mitsubishi RVR» көлігімен «Racer» мотоциклін тізгіндегін 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткенін анықтады. Зейнеткер Мир көшесінен Покрышкин көшесіне бұрыла бергенде мотоциклге жол бермеген. Осының салдарынан 15 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмса, оның жолаушысы 16 жастағы мектеп оқушысы жабық миы жарақаты, бұғана сынығы сияқты түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Автокөлік жүргізушісінің ішімдік ішпегені анықталды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай