Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Ақмолада адасып кеткен 71 жастағы кейуана табылды

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 08:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық полицейлер 71 жастағы есте сақтау қабілеті нашар зейнеткерді іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Көкшетау полиция басқармасына 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол 71 жастағы сіңілісінің жоғалып кеткенін мәлімдеген. Полицейлер азаматшаның есте сақтау қабілеті нашар екенін анықтады.

«11 қаңтар күні зейнеткер серуендеуге шығып, үйіне қайта оралмаған. Кезекшілік бөлімнің қызметшілері дереу қарияны іздеу жұмыстарына қылмыстық және патрульдік полицияны жұмылдырды. Әйелді түнімен іздеген патруль полицейлері оны облыс орталығындағы сауда үйі маңынан тапқан. Зейнеткер мекенжайын ұмытып, түнді көпқабатты үйдің подъезінде өткізген»,- деді мекемедегілер.

Жалпы, 2019 жылы Ақмола облыстық ПД қылмыстық полиция басқармасына із-түзсіз жоғалып кеткендерге қатысты 85 арыз түскен. Оның 75-і табылды.


Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай