Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақмолада героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

2019 жылдың 11 қазан 2019 20:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ірі көлемде героин саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 10-ында ПД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шарасы кезінде ірі көлемде героин саудасымен айналысқан топтың жолын кесті. Жедел іздестіру шарасы барысында Атбасар қаласының 3 тұрғыны ұсталды. Оның екеуі - ерлі-зайыптылар.

«Тінту кезінде 48 жастағы күдіктіден 7 полиэтилен орамаға салынған 44,23 грамм есірткі заты табылды. Сараптама табылған заттың героин екенін анықтады. Ал оның 72 жастағы анасының үйінен жасырулы тұрған 404, 14 грамм героин табылды. Жалпы, осы арнайы шара барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 465,79 грамм есірткі затын «героин» тәркіледі. Ұсталған қылмыстық топтың екеуі есірткі саудасына қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған», дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жоғары қарай