Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Ақмолада кәмелет жасына толмаған қыз мас күйінде ұсталды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 15:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Ақмола - адалдық алаңы» кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының шеңберінде Ақмола облысының ювеналды полициясының қызметкерлері «Саналы ұрпақ» клубының және жобалық кеңсенің өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылықтарын анықтауға және алдын алуға бағытталған рейдтік-алдын алу шараларын өткізді.

«Шара барысында полиция органына 2 кәмелет жасқа толмаған студент жеткізілді. Оның бірі - 16 жастағы жасөспірім үй маңында темекі тартқаны үшін ұсталды. Тергеу шарасы барысында баланың ата-анасының қалада тұрмайтыны, оны тәрбиелеумен әжесі айналысатыны анықталды. Кәмелет жасқа толмаған баланың өз кінәсін мойындағанын және бұған дейін жауапқа тартылмағанын ескере отырып жұмыс тобы өкілдері онымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әңгімелесіп, ауызша ескерту жасады», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, жұмыс тобы мас күйінде жүрген 17 жастағы қыз ұстады. Медициналық тексеріс кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жеңіл мас күйде болғанын анықтады.

«Ұсталған қыздың 19 жас шамасындағы құрбысы жалдамалы пәтерде жасөспірімге сендіру және мәжбүрлеу арқылы алкоголь ұсынған екен. Рейдтік шаралар барысында кәмелет жасқа толған қыз ұсталып, ҚР ӘҚбК 131-бабы бойынша жауапқа тартылды», деп толықтырды ведомстводан.

«Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ата-аналардың назарын балалардың жаман әдеттерінің алдын алуға және олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырады.


Жоғары қарай