Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмолада кәсіпкердің 45 млн теңгесін ұрлаған күдіктілер ұсталды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 21:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеке кәсіпкердің 45 миллион теңгеден астам ақшасын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, 2019 жылдың 1 шілдесінде Бұланды аудандық ПБ-не Макинск қаласының 57 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Арызданушының сөзінше, сол күні түнде Макинск қаласындағы оған тиесілі «Саржан» дүкенінен 45 миллион теңге ақша ұрланған.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оқиғадан бірнеше күн бұрын кәсіпкердің бизнесін дамыту үшін банктен несие алғанын анықтады. Жедел іздестіру барысында криминалды полиция қызметкерлері Щучинск қаласының ҚР ҚК 175-бабы 2 бөлігі және 181 бабы 2 бөлігі бойынша бұрын сотты болған 28, 32 және 33 жас шамасындағы үш тұрғынды ұстады. Күдіктілерден қылмысын мойындағаны туралы түсініктеме алынды. Қазіргі кезде аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Жоғары қарай