Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақмолада меморгандарды оңтайландыру есебінен 126 млн теңге үнемделді

2019 жылдың 30 тамыз 2019 18:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мемлекеттік органдарды оңтайландыру есебінен 126 миллион теңге үнемделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде мемлекет органдарды оңтайландыру арқылы шығын көлемін азайту жұмыстары жүргізілуде.

«Агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда Ақмола облысында мемлекеттік органдар және ведомствоаралық ұйымдарды оңтайландыру бойынша ұқсас функцияларға нақты ұсынысы бар мониторинг жүргізілді.

Оңтайландыру нәтижесі бойынша облыстық басқармалардың саны 26-дан 22-ге дейін азайды. Сонымен қатар, басшылық лауазымдардың саны да екі есеге кеміді. Бұрын екі орындаушыға бір басшыдан келсе, қазір қазір 5 орындаушыға 1 басшысы. Осының нәтижесінде 39 миллион теңге қаражат үнемделді», - деп айтты ведомстводан.

Осындай мониторинг білім саласында да жүргізілді. Нәтижесінде ұқсас функциялары бар 8 колледж қайта құрылды. Бір елді-мекендегі колледждер саны 4-ке қысқартылды. Экономикалық тиімділік 87,4 миллион теңгені құрады.

«Аудандық деңгейде оңтайландыру арқылы ерікті бөлімдерді 247 ден 163-ке дейін азайту жоспарланған (84 немесе 34 пайызға)», - деп толықтырды ведомстводан.

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, оңтайландыру бюджет қаражатын үнемдеуге ғана емес, мемлекеттік органдардағы бюрократияны да азайтуға мүмкіндік береді.



Жоғары қарай