Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Ақмолада мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 11:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салықтық тексеру барысында «Алматы–Екатеринбор» тас жолына жақын орналасқан Арайлы ауылында жанармай құю станциясында ілеспе жүкқұжаттарсыз жалпы сомасы 396 мың 862 теңге болатын мөлшері 2 мың 294 литр АИ-95 маркалы бензин сақтау фактісін анықтаған.

«ҚР ӘҚбК 281 бабының 5 бөлігі 2 бөлімшесі бойынша мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал түзіліп және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Анықталған мұнай өнімдері сақтауға қойылды», дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Ысқақов.


Жоғары қарай