Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмолада республикалық маңызы бар бірқатар жолдар ашылды

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 12:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында республикалық мақсаттағы күре жолдардың бірқатар учаскелері көліктің барлық түріне ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 3-і сағат 09:00-ден бастап республикалық мақсаттағы күре жолдардың «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 шақырымы (Щучье - Нұр-Сұлтан), «Щучье - Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучье - Зеренді),«Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» 42-51 шақырымы (Нұра ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін түнде ақтүтек боранға байланысты Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында жол жабылған болатын.


Фото: a.d-cd.net

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ауа райы, Ақмола облысы,
Жоғары қарай