Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ақмолада жыл басынан бері 440 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды

2019 жылдың 6 қазан 2019 18:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жыл басынан бері 537 шетелдік ҚР азаматтығын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысында жыл басынан бері 537 шетелдік ҚР азаматтығын алды. Оны ішінде 440-і — тарихи Отанына оралған этникалық қазақтар. Ақмола облысының көші-қон полициясы басқармасында екі азаматтығы бар 400-ден астам тұлғаның азаматтықтан шығарылғаны тіркелді», - дейді ведомстводан.

Ведомствоның мәліметіше, ҚР азаматтығын алу мәртебесінің тиімді тұстары бар. Оның ішінде азаматтық алған тұлғалар еңбек ету, ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде лауазымдарға орналасу, жәрдемақы рәсімдеу, жеңілдіктер алу, сайлауға қатысу, тегін білім мен медициналық көмек алу, балаларын мектеп пен балабақшаға орналастыру мүмкіндігіне ие болады.

Жоғары қарай