Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Ақмоладағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің жағдайы ауыр

2019 жылдың 20 маусым 2019 14:17 832

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Ақмола облысында АН-2 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шеккендердің біреуі ашық ми-бассүйек жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының теміржол аурханасына жеткізілді, ал екінші зардап шегуші ашық ми-бассүйек жарақатымен және күйікпен елорданың травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов апаттың себебі анықталып жатанын атап өтті. Арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

Жоғары қарай