Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Ақмоладағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2019 жылдың 20 маусым 2019 14:28 637

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақмола облысы аумағында әуе-химиялық жұмыстар жүргізу кезінде АН-2 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша («Теміржол, әуе және су көліктерін пайдалану ережелерінің сақталмауы») қылмыстық іс қозғалды», - делінген көлік прокуратурасының мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел тексеру тобы құрылған.

«Әуе апатын тексеру барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында», - делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, экипаж мүшелерінің жағдайы өте ауыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов апаттың себебі анықталып жатанын атап өтті. Арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

Жоғары қарай