Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ақмолалық каратэшілер Азия кубогында 10 медаль иеленді

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 23:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық спортшылар Тараз қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Азия кубогында 10 медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жарысқа Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Ресей, Иран елдері мен Қазақстаннан барлығы 200 спортшы қатысты. Жарыс кумите және ката әдісі бойынша өтті. Ұлттық құрама сапында Ақмола облысының Целиноград, Шортанды, Ақкөл аудандары мен Көкшетау қаласынан барған кратэшілер татамиде бақ сынады.

«Ката әдісі бойынша ерлер арасында Дамир Маннапо чемпион атанса, Амир Маннапов екінші, Асхат Галеев пен Ұзақбай Мадиярбек (14-15 жастағылар арасында) үшінші орын алды. Кумитэ әдісі бойынша 10-11 жастағылары арасында Сәбина Умарова бірінші орын, 12-13 жастағылар арасында Александра Леонова екінші, 14-15 жастағылар арасында Бахытжан Қайратов екінші, ал, ерлер арасында Асхат Галеев үшінші орын иеленді. Осылайша, жалпы есеп бойынша ақмолалық каратэшілер екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сонымен қатар, 14-15 және 12-13 жастағылар арасында Диана Жасұлан мен Нәзира Ахметова үшінші орынға тұрақтады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай