Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақмолалық палуан қыздар республикалық турнирде топ жарды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 21:34

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының палуан қыздары күрестен республикалық турнирде топ жарды. Жерлестеріміз екі алтын, екі күміс және екі қол медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Совет одағының батыры Нүркен Әбдіровтың құрметіне республикалық турнир өтті.

«Татамиге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарынан барған 200 спортшы қатысты. Олардың арасында халықаралқ, республикалық деңгейдегі спорт шеберлері бар.

Жерлестеріміздің арасында Марина Зуева және Ирина Кузнецова чемпион атанса, Альбина Қайыргелдинова мен Александра Зайцева екінші Эллада Махяддинова мен Айна Теміртасова үшінші орын алды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай