Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ақмолалық самбошы Азия чемпионы атанды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 20:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық самбошы Валерия Аксенова Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Үндістанның Нью-Дели қаласында Азияның 20 елінен жиналған 350 астам спортшының қатысуымен самбодан құрлық чемпионаты өткен.

«Классикалық және әскери әдістер бойынша өткен жарыста ақмолалық Валерия Аксенова 75 келіден жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз Нұртас Шаткенов пен Евгений Судейкиннің жетекшілігімен жаттығып жүр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Өзбекстан құрамасы - 22 алтын, 11 күміс және 6 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алған. Одан кейін 20 алтын, 16 күміс және 10 қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы - екінші, 5 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеген Моңғолия құрамасы - үшінші орынға тұрақтады.


Жоғары қарай