Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Ақмолалық велошабандоз Андрей Чугай Қазақстан чемпионы атанды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 21:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық велошабандоз Андрей Чугай Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, елордада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен.

«Еліміздің әр өңірінен жиналған кілең мықты велошабандоздардың арасында Ақмола облысы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің №7 олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі Андрей Чугай қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Жерлесіміз «кейрин» әдісі бойынша жарыс жеңімпазы атанды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Андрей бапкері Иван Гринбергтің жетекшілігімен жаттығады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай