Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақмолалықтар Волонтерлер жылына дайындықты бастап кетті

2019 жылдың 11 қараша 2019 12:18

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының еріктілері алдағы Волонтерлер жылына әзірленуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы Еріктілер жылы деп жариялаған еді. Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді, оған 50 мыңнан астам белсенді қатысады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш - 150 адам.

«Жаңа толқын» қоғамдық қорының төрайымы Жайнагүл Қаппасованың айтуынша, бүгінгі таңда еріктіліктің әлеуметтік және этноеріктілік түріне сұраныс жоғары және белсенді болып табылады. Ақмола облысында әлеуметтік, спорт және мәдениет сияқты салаларындағы қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған.

«Ақмолалық еріктілер елімізде өткен «ЭКСПО-2017», Универсиада, ОБСЕ Самиті сияқты көптеген халықаралық шараларға қатысты. Бүгінгі күні облыста еріктілер жұмысымен «Ақмола Жаңа толқын» қоғамдық қоры «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің ұйымы, «Жас Отан» жастар қанаты, «Феникс» еріктілер орталығы айналысады.

Еріктілер ұйымы соғыс ардагерлеріне қолдау көрсетуде, обыр дертіне шалдыққан балаларға көмек қолын созу мақсатында қайырымдылық шараларын өткізуде», деп атап өтті Жайнагүл Қаппасова.

Ал, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жастар істері бойынша бөлім басшысы Алмат Нүкеновтың мәліметінше, 2019 жылы облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан «балалар мен жасөспірімдердің және еріктілердің қозғалысын дамыту бойынша лот ұйымдастырылды. Осының шеңберінде еріктілікті дамыту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

«Биыл 17 грант ұсынылды, оның ішінде Ақмола облысы жеке идея мен жобаны жүзеге асыру бағытында соммасы 1 миллион теңге болатын 1 гран ұтып алды. Сонымен қатар, еріктілікпен айналысатын студенттердің ақылы әлеуметтік тәжірибеден өтуіне мүмкіндігі бар», – дейді Алмат Нүкенов.

Ал еріктілер корпусының үйлестірушісі Татьяна Кретова Еріктілер жылы елімізде еріктілік қозғалыс пен бастаманың дамуына серпін беретініне тоқталды.

«Президент жариялаған 2020 жыл – Еріктілер жылы еріктілікке қатысты жаңа жобалар ашылатынына үміттеміз. Бұл жобалар үкімет тарапынан да қолдау табарына сенімдіміз. Еріктілер жылын жариялау елдегі бұл қозғалыстың жаңа серпін аларына, жаңа жүйелердің пайда болуына, ұйымдарды біріктіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Жоғары қарай