Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Ақсай қаласында автокөлік өртенді

2019 жылдың 31 наурыз 2019 13:35 986

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 04.26 шамасында орын алды.

М.Ықсанов көшесі бойындағы 102-үйдің ауласында 1994 жылы шығарылған «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі отқа оранды.  Көлік иесі - 1988 жылғы азамат.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №8 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 04.55-те сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда газ жабдығы орнатылған автокөліктің өртенгенін жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай