Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

АҚШ Еуроодақ тауарларына тариф енгізеді

2019 жылдың 5 қазан 2019 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ Еуроодақтан импортталатын тауарларға 7,5 млрд доллар көлемінде тариф енгізуге рұқсат алды. Бұл АҚШ пен Еуроодақ арасындағы Airbus пен Boeing әуекомпанияларының заңсыз субсидияларына байланысты күрестің тағы бір қадамы, деп жазады BBC.

«Дүниежүзілік сауда ұйымының Еуроодақ тауарларына тариф енгізу туралы шешімі 18 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұған жауап ретінде Брюссель америкалық тауарларға да тариф енгізетінін мәлімдеді. АҚШ сауда өкілдерінің хабарлауынша, тарифтердің 10%-ы ұшақтарға, 25%-ы ауылшаруашылық және басқа тауарларға белгіленген» деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, ұйым жариялаған тізімде Франция, Германия, Испания мен Ұлыбритания тауарлары бар.

«Екі тарап та енді Дүниежүзілік сауда ұйымынан Еуроодақтың АҚШ-қа қарсы қандай тауарларға тариф енгізе алатыны туралы шешімін күтуде. Бұл шешім келесі жылы шығады. Еурокомиссия АҚШ тауарына 20 млрд доллар көлемінде тариф енгізуге рұқсат алмақ» деп жазады автор.

Оның айтуынша, АҚШ ең алғаш Еуроодаққа қарсы 2004 жылы тариф енгізген. Бұған себеп – Airbus-қа берілетін арзан еуропалық несиелердің заңсыз мемлекеттік субсидияға теңестірілгені болды.

АҚШ 11 млрд доллар көлемінде тариф енгізуді сұраған еді. Бірақ ДСҰ 7,5 млрд доллар деп бекітті.

Жоғары қарай