Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

АҚШ мемлекеттік департаменті Орталық Азиядағы жобаларға 15 млн доллар қаражат бөледі

2016 жылдың 4 тамыз 2016 09:10

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Орталық Азия елдері, С5+1 (латын қарпі) форматының қатысушылары - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанмен бірлескен бес жобаны жүзеге асыруға ниетті. Бұл өзара қарым-қатынас өткен сәрсенбіде Вашингтонда аталған елдердің сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды ТАСС.

Кездесу алдында сөз сөйлеген мемлекеттік департамент басшысы 2015 жылдың қарашасында Самарқандта өткен алғашқы кездесуді еске алды, «бұл талқылау арамыздағы қарым-қатынастың билік деңгейінде ғана емес, американдық бизнес пен осындағы барлық мемлекеттің экономикалық секторлар арасында да жақсы байланыс орнауының дәлелі».

«Біз бүгін контртерроризм, сауда және инвестиция, экономикалық даму және таза энергия саласындағы жаңа аймақтық бастамалар көмегімен одан әрі ілгерілеуге үміттенеміз», - деп атап өтті ол.

«Осынша идеяларды жүзеге асыру үшін және барынша тез әрі тиімді жұмыс істеу үшін бұл бастамаға Құрама Штаттар 15 миллион доллар құюға ниетті», - деді Керри.

Мемлекеттік департамент кейінірек таратқан анықтамаға сәйкес, аталған жұмыстың бір бағыты ретінде Орталық Азиядағы радикализмнің алдын алу үшін және мемлекеттер арасындағы экстремистік топ мүшелерінің қозғалысын тоқтату мақсатында Жаһандық контртеррористік ұйыммен диалог қалыптастыруды атауға болады. Бұл үшін жинақталған тәжірибені пайдалана отырып, аталған қауіпке қарсы іс-әрекет әдістерін талқылау үшін «билік және сарапшылар өкілдерін» тарту жоспарлануда.

Тағы бір жоба аймаққа экспорт ағынын кеңейтуге бағытталған. Мұнда барынша еркін саудаға жағдай жасау үшін бизнестің өзімен және жергілікті билікпен жұмыс істеу маңызды рөл атқармақ. Осыған байланысты АҚШ тауардың құны мен тауарды жеткізу уақытын азайтуға бел буып отыр.

Одан бөлек, мемлекеттер жаңартылатын энергия көздерін дамытуға күш салуда. Құрама штаттары «техникалық көмек» көрсетуге және аталған саладағы өзінің халықаралық тәжірибесімен бөлісуге міндеттенеді. Климаттың өзгеруіне аймақтың бейімделуіне де ерекше көңіл бөлініп отыр.

Жоғары қарай