Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

АҚШ-та Түркия HalkBank басшысының бұрынғы орынбасары бостандыққа шықты

2019 жылдың 19 шілде 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та Иранға қарсы санкцияны бұзды деп айыпталған Түркияның HalkBank бас директорының бұрынғы орынбасары Мехмет Хакан Атилла босатылды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Хакан Атилла 2017 жылдың 27 наурызында Нью-Йорк әуежайында Түркияға ұшатын рейске отырғызу кезінде ұсталды. 2017 жылдың 28 қарашасында басталған сот ісі барысында айыптаушы тарап заңсыз жолмен алынған құжаттарды қолданған.

Атилла алты тармақтың бесеуі бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сондай-ақ, Хакан Атиллаға қатысты халықаралық санкция режимін бұзды деген де айып тағылған.

Басты сөздер: Қоғам, Түркия,
Жоғары қарай