Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

АҚШ-та жойқын дауыл болып, 23 адам мерт болды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 19:29 762

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Алабама штатындағы торнадо барлығын қиратып жатыр. Торнадо салдарынан 23 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Торнадо құрбандарының арасында жас балалар бар. Олардың көпшілігі Ли округінде тұрған. Жергілікті шериф Джей Джонс құрбандар санының өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Жергілікті метеорологиялық қызметтің ақпараты бойынша, жексенбі күні күндіз Алабама және Джорджия штаттарында қатты дауыл соққан.


null 

CNN хабарлауынша, бұл соңғы 8 жыл ішіндегі ең жойқын торнадо. 2011 жылы Алабама штатында қуатты торнадо салдарынан 200 адам қаза тапқан еді.

Шериф Джонстың айтуынша, округтегі бірнеше тұрғын ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жексенбі күннен бері аман қалғандарды іздеу мен құтқару операциялары жалғасып жатыр. Алабама штатында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды.


null 

АҚШ президенті Дональд Трамп жергілікті тұрғындарды Twitter аккаунты арқылы абай болуға шақырды.

Торнадо екі штаттағы көптеген ағаштарды қиратып, жүздеген үйді жермен жексен етті. 



null 

null 

 

Басты сөздер: Америка, Әлем,
Жоғары қарай