Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ақсуда 56 көп балалы отбасы үшін үй салынады

2019 жылдың 11 маусым 2019 04:12

АҚСУ. ҚазАқпарат -Жеке тұрғын үй құрылысы қаланың төртінші шағын ауданында жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының әкімдігінде хабарлағандай, екі пәтерлі 28 үйдің жалпы ауданы 75 шаршы метр. Олардың құрылысына жергілікті бюджеттен 469 млн теңге бөлінді.

«Төртінші шағын ауданда коттедж қалашығы салынады. Көп балалы отбасыларға 75 шаршы метрден 28 пәтер беріледі. Тұрғын үйлердегі барлық коммуникациялар қосылады. Жалға берілетін жаңа тұрғын үйге қоныстанушылар қыркүйекте көшетін болады», - дейді Ақсу әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, тұрғын үйге кезекте 180 көп балалы отбасы тұр.

Жоғары қарай