Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтауда 200 келі бекіре балығымен көлік жүргізушісі ұсталды

2019 жылдың 23 ақпан 2019 23:42

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғынының автокөлігінен 200 келі бекіре тұқымдас балығы тәркіленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 ақпан күні сағат 17:30 шамасында Ақтау қаласының Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері капитан Н.Қожбанов пен кіші сержант Е.Кенже облыстық Табиғатты қорғау полициясымен бірлесе «Тойота Карина» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Оның тексеру барысында жүк салғышынан рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас балықтар табылды. Жалпы салмағы 200 келі, 53 дананы құрайды.

"Аталған дерек Ақтау қалалық Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 339-бабымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай