Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Ақтауда 4 күн бұрын жоғалған 2 адамның туыстары көмек сұрады

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:29 1079

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 5 шілде күні «Шора» каналына шомылуға кетіп, қайтып оралмағандар адамдардың туыстары көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шомылуға кетіп, оралмаған Толбай Серік пен Әбуғали Еркебұланның туысы Саламат Бүркітов іздеу жұмыстарына еріктілердің керек екенін айтты.

«Бізге водолаз, катер, тікұшақ, дрон, жалпы іздеуге қажетті құралдар мен техникалар ауадай қажет. Дүрбісі бар адамдар шықса, тіпті жақсы. Жалпы, теңізге шығып, іздесуге адамдар керек. Әкім құтқарушылардың таңнан бастап түнге дейін іздеп жатқандарын айтты. Бірақ, олардың таңертеңгі 8-ден кешкі 6-ға дейін іздейтіндерін білдік. Сондықтан күн батқаннан кейін өзіміздің күшімізбен іздеудеміз»,-дейді Саламат Бүркітов.

Еске сала кетейік, Ақтаудан суға кеткен 2 адамның денесі табылмай жатқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

 

 

 

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай