Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақтауда 700 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

2019 жылдың 4 қазан 2019 17:06

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда аз қамтылған 700-ден астам отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз – адамбыз, біз – біргеміз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік, ойыншықтар, тұрмысқа қажетті заттар тегін үлестірілді.

«Біз алдын ала құзырлы мекемелерден тізімді алып, жағдайы ең төмендерді таңдап алдық. Шараға кәсіпкерлер, әкімдік демеушілік көрсетті. Сонымен қатар, жомарт жандар қол ұшын созып, тұрғындар үйіндегі артық заттарын алып келді. Сіздер де әлі үлес қоса аласыздар. 32 В шағынаудан, 12-үйдің артындағы жертөлеге артық заттарыңызды алып келсеңіздер болады. Себебі, апта сайын осында көмекке мұқтаж отбасылар келіп, оларды алып кетеді»,-дейді қор басшысы Иман Досмухамедов.

Жоғары қарай