Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлына арналған фотокөрме өтті

2019 жылдың 10 қазан 2019 20:56

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде фотокөрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде абыз тұлға, қаламгердің көзі тірісіндегі 80-нен астам суреті қойылған. Әбіш Кекілбайұлы өмірінің ең жарқын сәттері бейнеленген фотолар көрермен көңілінен шықты. Көрме арқылы абыз тұлғаның тек қаламгер ғана емес, саналы ғұмырын қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне арнаған саясаткер екенін және Қазақстанның дамуындағы рөлін айқын көре аламыз.

Көрме авторы Серік Майемеровтың айтуынша, ең алғашқы суреттер 2005 жылы түсірілген.

«Көрмені 4 тақырыпқа бөлдім. Мұнда замандастарымен, әсіресе Фариза Оңғарсыновамен бірге жүрген шақтары, қызметтегі әріптестерімен, Елбасымен бірге түскен суреттері көп»,-дейді автор.







Жоғары қарай