Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Ақтауда бекіре балығын аулағандар ұсталды

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:52

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда заңсыз ауланған 83 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МО полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қазан күні сағат 18:00 шамасында 32 в шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде жалпы салмағы 30 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі.

Дәл осы табиғатты қорғау инспекция қызметкерлері, 14 шағын аудана «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тоқтатып тексерген. Нәтижесінде көлік жүксалғышынан жалпы салмағы 52 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.

Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай