Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Ақтауда біреулер теңіз жағалауындағы архитектуралық нысандарды сындырып кеткен

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 18:32

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда вандалдар 14-шағынаудандағы теңіз жағалауында орналасқан архитектуралық нысандарды сындырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары бұл тәртіпсіздік сол аумақтағы бейнебақылаудың аздығынан деп пікір білдіруде. Айтуларынша, бұзақылар түнде әрекет етеді.

«Қалалық әкімдік ол жерлерге камера қойылады деп айтқан болатын. Одан бері қанша уақыт өтті?! 11-шағынаудандағы «Мәңгілік алау» монументінің кейбір жерлерін де бұзып кеткен еді, ол да жазасыз қалды»,-дейді қала тұрғыны Сания Ақмұрзаева.

Жоғары қарай