Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтауда қалалық аурухана салу жоспарлануда

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 02:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтауда 32-шағынауданда көпбейінді қалалық аурухана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев айтып берді.

Әзірше жоба күйінде дайындалуда. 2019 жылы облыстық ауруханада 82 мыңнан астам адам емделіп шыққан, 5 мың науқасқа ота істелген. Жалғыз нысан барлық функцияны атқарады. Сондықтан жаңа орталық ашу қажеттілігі туындап отыр.

«Қалалық аурухана жоқ. Жалғыз облыстық аурухана өңір тұрғындарын қабылдайды, қала тұрғындарын қабылайды, аудандар бар. Қалалық аурухана өте қажет. Жоба жасалып жатыр. 32-шағынауданда салғызғымыз келеді. Жедел-жәрдем станциясы болады», - дейді Әнуар Сағымбаев.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 50 орындық медициналық орталық салу жоспарлануда. Мұнай мекемелерінің демеушілігімен салынып, 2021 жылға қарай пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, былтыр аймақта 10-ға жуық жекеменшік нысандағы медициналық мекемелер ашылды. Барлығы да халықаралық стандартқа сай жабдықталып, озық технология, құрылғылармен жарақтанған.

Жоғары қарай