Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ақтауда мұғалімдер еңбек демалысының ақшасын ала алмай жүр

2019 жылдың 22 маусым 2019 18:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда кейбір мектеп мұғалімдеріне әлі күнге дейін еңбек демалысының ақшасы төленбеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 маусымда еңбек демалысына шыққан кейбір мектеп мұғалімдері ақшаларын ала алмай, білім басқармасына шағымданған. Заң бойынша қаржы оларға 3 күн бұрын толығымен төленуі керек. Алайда, мектеп директорлары мен есепшілері қаражаттың жоқ екенін айтып шығарып салған.

«Мен өзім 1 маусымда шықтым. Бірақ міне, қанша күн өтті. Жартысы кетті ғой. Қызымызбен бірге демалуды жоспарлағанбыз. Бірақ, ақша жоқ болғасын, білмей отырмыз. Күн сайын мектепке қоңырау шалып, сұрап отырмыз. Қаражат жоқ, дейді олар»,-деп шағымданған ұстаздың бірі.

Ал, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Қойжанов төлемдерді кешіктіру себебін кассалық бақылау шотындағы қаражаттың жоқтығынан деп отыр.

«Біздің кінәміз жоқ, бұл сұраққа жауапты облыстық қаржы басқармасынан сұраңыздар», деп жауап берді ол.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Білім,
Жоғары қарай