Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Ақтауда Тұңғыш Президенттің құрметіне флешмоб өтті

2019 жылдың 20 наурыз 2019 23:23

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Тұңғыш Президентінің құрметіне «Біз Елбасымен біргеміз!» атты флешмоб өтті. Оған 300-ге жуық қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акцияға қатысушы - жастар, мұғалімдер, дәрігерлер, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер, құрылыс және мұнай компанияларының өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген махаббаттары мен ризашылықтарын білдіру үшін 15-шағынауданның жағалауындағы амфитеатрға жиналды.

Флешмоб барысында жастар әріптерден Елбасы, Маңғыстау, Қазақстан сөздерін құрады. Кейін Тұңғыш Президентке құрмет ретінде еліміздің Көк байрағы жоғары көтерілді. Сонымен қатар, ондаған адам аумағы 40 шаршы метрді құрайтын Мемлекеттік Туды алып жүріп өтті.



Ақтау тұрғындары Елбасына деген қолдаулары мен ризашылықтарын білдірді.

«Тұңғыш Президент тек біздің облыс үшін ғана емес, бүкіл ел үшін қолынан келгенін аямады. Ал қазір шын мәнінде ұлы деп атауға болатын білімді ұлтқа айналдық. Сондай-ақ, біздің елді оның арқасында ұлы деп атауға болады», - деді флешмобқа қатысушы Артем Чигин.

«Халқымыз бейбіт елде өмір сүріп жатқаны үшін, жасаған бар жақсылықтары үшін Елбасына алғысымызды жеткізгіміз келеді. Қазір елімізді әлемдік аренада жақсы таниды. Сондай-ақ жастар үшін көп нәрсе жасады деп есептеймін. Бізде қазір оқып, шет елде білім алуға барлық жағдай жасалған», - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Әлия Шәріпова.

Жоғары қарай