Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Ақтауда жол талғамайтын көлік аударылды

2019 жылдың 4 тамыз 2019 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Chevrolet Niva жүргізушісі бордюрге соқтығысып, соның салдарынан машина бір бүйірімен аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды lada.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні күндіз 2 және 6 шағын аудандар аралығында тасжолда болған.

Жол апаты болған жерге полиция аға сержанттары Жеңіс Оспанов пен Асхат Шалғымбаев барды. Олар апат куәгерлерімен бірге Chevrolet Niva жүргізушісіне көмектескен.

Ведомствоның дерегі бойынша, көлікте тек жүргізуші ғана болған. Ол жеңіл жарақат алған.

Ер адам рөлді басқара алмай қалғаны анықталды. Ол мас болмаған.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген заңбұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (50500 теңге) айыппұл салынады немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айырады. Іс материалдары Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Ер адам зақымдалған жиектасты өз есебінен қалпына келтіреді.

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай