Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ақтаудағы балабақша директоры балаларға дұрыс тамақ бермегені үшін айыппұл төлейді

2019 жылдың 22 маусым 2019 16:27

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда сот балаларды дұрыс тамақтандырмаған «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директорын жауапқа тартты. Бұл туралы бүгін lada.kz сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы - жалпы 22 адам кәсіпкерді жауапқа тартуды талап етіп сотқа жүгінген. Ақтау қалалық №2 соты істі тексеріп шыққан соң, олардың талабын ішінара қанағаттандырды. Соттың үкімімен кәсіпкер әр баланың ата-анасына моральдық залалдың орнын толтыру үшін 10 446 теңгеден айыппұл төлейтін болды.

Ата-аналардың шағымдануына қарағанда, балабақшада дұрыс тамақтанбағандықтан, балалардың қарны тоймай, жиі ауыра бастаған.

«Ата-аналар бұлтартпас нақты дәлелдер келтірген жоқ. Әкімдіктен тексеріс жүргізілмеген, прокуратура немесе санэпидемстанциядан растама алынған жоқ. Ата-аналардың айтуынша, балабақшада соңғы аптада аспаз алмасқан соң балалардың қарны тоймайтын болған. Біз осы дәлелді ескердік», - деп мәлімдеді Ақтау №2 сотының судьясы Ақсая Еңсебаева.



Ата-аналардың айтуынша, балабақша жабылып қалғандықтан тексеріс жүргізілмеген.

Еске сала кетейік, «Айналайын» балабақшасында директор мен тәрбиеші төбелесіп, соған байланысты жабылған болатын.

Тәрбиешіні соққыға жыққан директорға сот айыппұл салған.

Басты сөздер: Білім, Сот, Маңғыстау облысы, Заң,
Жоғары қарай