Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақтаудағы «Шора» каналының бойына қоршау орнатылды

2019 жылдың 9 шілде 2019 17:22

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сай қаладағы «Шора» каналының қауіпті деген аумқтарына 100 метр қоршау орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын «Шора» су каналының екі жағында 300 метрден жалпы ұзындығы 600 метрді құрайтын қоршау болған.

«2018 жылдың 30 мамырында Маңғыстау облысы мәслихатының N19/236 шешімімен «Шора» су каналының аумағы суға түсуге тыйым салынған аймақ болып белгіленді. Осы шешім негізінде қала әкімдігі теңізге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы «Шора» су каналының екі маңына тағы 260 метр қоршау орнатты»,-деп хабарлады Ақтау әкімдігі.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, «Шора» каналының қауіпті аймақ екені белгіленіп, суға тусуге болмайтыны жазылса да, адамдардың шомылуы тыйылмай тұр.

«Каналда су иірімі бар. Соның салдарынан қаншама адам суға кетті», -дейді құтқарушылар.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 5 адам суға кеткен.

Жоғары қарай