Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Ақтаулық бойжеткен азаматтығын қайтарғаны үшін Президентке алғыс айтты

2019 жылдың 16 шілде 2019 20:57 341

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласының тұрғыны Диана Степина өзіне ҚР азаматтығын қайтарып беру туралы шешімі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы күзде Қазақстан азаматтығынан бас тарту туралы арыз жазған едім. Ол кезде кәмелет жасқа толмаған едім, салдары не боларын тіпті ойламадым. 2019 жылдың 11 маусымында көші-қон полициясынан хабарласып, менің ҚР азаматтығынан шығуым туралы Жарлық шыққанын айтты. Екі күн бұрын ғана сайлауға барып, Тоқаевқа дауыс беріп едім», - деп жазды Диана өзінің Instagram парақшасына.

Диана көші-қон полициясынан телефон қоңырауын күтпегенін жазды.

«Сонда ғана өзімнің ойланбай қадам жасағаныма өкіндім. Біз тіпті өзге елдің азаматтығын алуға өтінім де жазған жоқ едік. Қазақстан – менің Отаным, менің бүкіл өмірім ғажайып Ақтау қаласымен тығыз байланысты. Менің әкем орыс, анам қырғыз. Мен өзімнің туған қаламды сүйемін, осында «Дарын» мектебінде оқыдым. Көші-қон полициясы хабарласқан күні-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа виртуалды түрде хабарласып, азаматтығымды қайтаруды сұрадым. Міне, бір айдан кейін жағымды жаңалық келді. Президент менің азаматтығымды қалпына келтіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы күнді қатты күттім. Менің хатыма жауап бергеніңізге қуаныштымын. Мені Қазақстанда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін», - деп жазды бойжеткен.

Айта кетейік, Ақорда сайтында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды. Онда республика азаматтары жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелерді жаза алады. Әрбір хат ресми тіркеледі, оны Президент пен Әкімшілік қызметкерлері қарастырады.


Жоғары қарай