Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтөбе дүкендерінде мерзімі өткен 40 келі азық-түлік анықталды

2019 жылдың 6 наурыз 2019 18:54 694

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында сақтау мерзімі өтіп кеткен 40 келі азық-түлік сатылымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ақпан айының қорытындысын шығарды. Азық-түліктерден 7 сынама алынып, нәтижесінде мерзімі өткен 40 келі өнім жойылды.

«Capital Projests LTD» ЖШС-нің ұсақталып туралған тауық еті, «Milky Land» ЖШС-нің сүт өнімі, «Global Master Group» ЖШС-нің «Doka» туралған еті,  «Жайық Агро LTD» ЖШС-нің «Сервелат зернистый» және «Сервелат финский» шұжығы, Ресейдің «МК «АГРОТЭК» ЖШҚ-ның «С говядиной» піскен шұжығының мерзімі өткен», - деп хабарлады облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, ойыншықтардан 13 сынама алынды. Барлығы 5 жағдайда таңбалану дұрыс болмады. Оларда шығарылған елі, жері, атауы, тауарлық белгісі, өлшемі туралы мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген.  

«Жеке кәсіпкерлерге кемшіліктерді жоюға 16 ұйғарым берілді. Тексеру кезінде 2 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылып, 303 мың теңге айыппұл салынды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тексеру кезінде барлығы 337 сынама алынған. Олардың 56-сында техникалық регламент сақталмағаны анықталды.

 

 

 

Жоғары қарай