Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақтөбе облысында «Барқын құмы» табиғи аймағы құрылады

2019 жылдың 13 қараша 2019 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Барқын құмы» табиғи аймағы құрылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысы тұрғындары көтеріп жүрген бірқатар экологиялық мәселелерге тоқталып, оларды шешу үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты.

«Көкжиденің жер асты суының сапасы жоғары, таза және көлемі мол дейтін болсақ, сол жердің құмды массивін сақтап қалу үшін Ақөтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «Көкжиде-Құмжарған» ерекше қорғалатын табиғи аумағы құрылды. Көкжиде жерасты және жерүсті суына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қазірдің өзінде жерасты суының сапасы тұрақтанып келе жатқаны байқалады», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, Көкжиде суына мониторинг жүргізуге Үкімет тарапынан толық қолдау көрсетіліп, қаржыландырылып жатыр. Бұл жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталып, толық мәлімет халыққа жеткізілмек.

«Осы жылдың соңына дейін Ойыл ауданының аумағында «Барқын құм алқабы» аумағы құрылады. Бұл да - сол аудан тұрғындары көтерген мәселелердің бірі еді. Оған мән беріп отырмыз», - деді О.Оразалин.

Жоғары қарай