Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Ақтөбе облысында қола дәуірінің қорымы табылды

2019 жылдың 7 қазан 2019 14:01

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Ырғыз ауданы, Шеңбертал ауылы маңындағы қорымнан қола дәуірінде жерленген адамдардың сүйегі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шеңберталдағы қорымды алдымен ауыл адамдары тауып алып, хабар берген. Археологтар қола дәуірінің қорымын тауып, жедел хабар берген С.Молдабеков, Е.Көшпамбетов және С.Қоблашевқа алғысын білдірді.

«Қазан айының 2-4 аралығында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық тобы Шеңбіртал-I қорымында зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ескерткіш Ырғыз ауданы, Шеңбіртал ауылынан солтүстікке қарай 300 метр жердегі өзеннің сол жақ бөлігінде орналасқан. Тас дәуірінің ескерткіші бар екенін өткен ғасырдың екінші жартысында археолог А.А.Формозов ашқан еді. Қабірдің беткі жағы шеңбер, сопақша және пішіні әртүрлі тасты дуалдардан салынған. Дуалдар көбінесе жерге тігінен көмілген тастармен және бір-бірімен байланысы жоқ құмтастармен қоршалған», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық тарихи-




өлкетану музейінің археологиялық тобы.

Айта кетейік, археологиялық зертттеу кезінде екі адамның қабірі қазылды. Адам оң жаққа қарай жантайып жатқан және қолымен бетін басқан кейіпте жергенген.







«Бас сүйек жағында оюланған екі керамикалық құмыра табылды. Сонымен қатар қоладан жасалған білезіктер, сырғалар және орақ пішінді заттар шықты. Бастапқы зерттеулердің шешімі бойынша екі қабірде де әйел адам жерленген. Қорым қола дәуірі мерзіміне жататыны анықталып отыр. Қазіргі кезде Шеңбіртал-I қорымы апаттық жағдайда болғандықтан жедел қазба жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр. Мұнда музейдің археологиялық тобы, яғни, Нұрсұлтан Баиров, Нұршат Оразмағамбетов, Баубек Мелисов жүр», - деп хабарлады облыстық музейдің ғылыми қызметкері Мейрам Дүйсенғали.




Жоғары қарай