Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында базар өртенді

2019 жылдың 26 маусым 2019 02:47 1777

НҰР-СҰЛТАН.  ҚазАқпарат- Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласындағы базардан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар  комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті.

«2019 жылдың 25 маусымы күні сағат 21:34-те «101» пультіне Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Алан» орталық базарының 2 қабатты ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт ғимараттың 1 қабатындағы ойыншықтар мен мұздатқыштар сататын бутигінен шыққан.  Өрт сағат 22:00-де ауыздықталып,  сағат 22:24-те толық сөндірілді» - деді Н.Нұрахметов.

Оның айтуынша,  жалын 36 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, комитет өкілі өрт сөндіруге жеке құрамның 9 маманы және Ақтөбе облыстық ТЖД-ның 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылғанын айтып өтті.

 

 

Жоғары қарай