Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Ақтөбе облысының «Түнгі соттары» жыл басынан бері 500-ден аса әкімшілік істі қарады

2019 жылдың 19 наурыз 2019 20:45 621

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының «Түнгі соттары» жылдың басынан бері 500-ден аса әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Ақтөбе олыстық сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысының соттарында өткен жылдың қазан айынан бастап «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылған. Мұндағы мақсат  азаматтардың құқықтарын қорғау және сот ісін жүргізуді жеделдету болып табылады. Жобаның шеңберінде облыс соттарында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар, ұсақ бұзақылықтар және көлік құралы мен материалдық залал келтірумен  байланысты істер, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу фактілері қаралады. «Түнгі соттың» сағат 18-ден 22-ге дейін жұмыс істеуі азаматтардың уақыт үнемдеуіне көп көмегін тигізеді.

Мысалы, жылдың басынан бастап өңірдің «түнгі» соттары 511 істі қарады.  

«Қазіргі таңда «түнгі сот» қызметінің тиімділігін  азаматтардың істі қарауға өздері үшін қолайлы уақытта келу мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады»,-делінген  Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.



 

 

 

 

 

Басты сөздер: Сот, Ақтөбе облысы, Заң,
Жоғары қарай