Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ақтөбе прокуратурасы полиция тіркемеген қылмыстарды анықтады

2019 жылдың 22 қазан 2019 21:12

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы құқық қорғау органдары тіркемеген 13 істі анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны әжесінің басынан ыдыспен ұрып, денсаулығына қасақана зиян келтірген. Бұл істі полиция қызметкерлері отбасындағы ұрыс-керіске балап, әкімшілік хаттама толтырған.

«Сараптама қорытындысына сүйенсек, қарияның денсаулығына аса ауыр зақым келген. Сондықтан әкімшілік хаттаманың күші жойылып, прокуратура Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, прокуратура биыл полиция қызметкерлері тіркемеген 13 қылмыстық істі анықтады.

Жоғары қарай