Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегерлері қызыл кілеммен жүріп өтті

2019 жылдың 15 маусым 2019 20:51 694

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін «Алтын белгі» алған 505 түлек марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент атындағы саябақ алаңында «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау шарасы өтті. Жас түлектерді облыс әкімі құттықтап,«Жас түлек» фестивалінің бағдарламасы бойынша   халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда  жеңімпаз атанған үздік 16 түлекті марапаттады. Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі алтын белгі  иегерінің әрқайсысына 500 мың теңге,  үш «Үздік аттестат» иегеріне 300 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

«Халқымызда мектеп-кеме, білім-теңіз деген жақсы сөз бар. Білім айдынында ескегі мықты жан ғана өз дегеніне жетпек. Болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді аймақ басшысы Оңдасын Оразалин.



null

Айта кетейік, әрбір «Алтын белгі» иегеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат пен қолсағат берілді. Ақтөбе облысының «100 жаңа есім» жобасына енген  ардагерлер, танымал адамдар түлектерді марапаттау шарасына қатысты. Кейін жас түлектердің құрметіне арнайы шақырылған жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа  әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй  сыйлады.



null

 

 

Жоғары қарай