Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Ақтөбеде ауыл тұрғындары ауыз сусыз отыр

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:35 357

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 ауылының тұрғындары ауыз суға зәру. Бүгін тұрғындар шағымын айтып, әкімдіктен жауабын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақжарлықтар жаздың ыстығында суға жарымай отыр. Таңертең сыздықтап ағып, тоқтап қалады. Сондықтан ауыл халқы ауыз суды қаладан тасиды, кейде сатып та алады.

«Жаздың екі айында сусыз қалып отырмыз. Белгілі бір уақыты да жоқ. Бау-бақшамыз бар, бірақ суара алмай отырмыз. Адамдар 50-60 мың теңгеге дейін айыппұл саламыз деп қорқытады», - зейнеткер Серік Қуанұлы.

Бүгін ауыл тұрғындарына жаңа әкім Мавр Абдуллин барды.

«Тұрғындар су, қоқыс мәселесін көтеріп жатыр. Біз суға жауапты «Ақбұлақ» АҚ-мен кездестік. Ертеңге дейін жерасты су қоры туралы ақпарат береді. Қазір 4 ұңғыма жұмыс істеп тұр. Әрқайсысы 25 текше метр су береді. Қоғамдық көлік, көше жарықтандыру бағытында жұмыс істейміз», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абуллин.

Тұрғындардың айтуынша, мәселе 2011 жылдан бері көтеліп келеді. Алғашқы кезде бұл ауылда 1200 үй болса, қазір халық саны екі есе өскен.

«2011 жылы қалаға көшіп келдім. Үш жылдай пәтер жалдап жүріп, осы жерді алған едім. Салған үйім де біткен жоқ. Сол бітпеген үйде бес баламмен тұрып жатырмыз. Жолдасым үйге қарайды. Қазір 50 мың теңге жалақыма тек су алып ішіп отырмын. Аптасына кір жуатын суды да сатып аламыз. Әркімнен жалынып, бөтелкелеп  су сұраймыз»,- дейді Полат Алмағамбетов.

Жергілікті әкімдік бұл мәселенің нақты қай күнін шешілетінін айта алмады.

 

 

Жоғары қарай