Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ақтөбеде банк терминалын ұрлағандар ұсталды

2019 жылдың 17 қазан 2019 16:17

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Екі адам таңда дүкен есігін бұзып кіріп, банк терминалын ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 қазан күні сағат 5:00-де тіркелді. Ал полицияға хабар сағат 5:10-да түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері К. Таженов пен С.Сұлтангереев шұғыл жетті.

«Екі белгісіз адам дүкеннің есігін бұзып кіріп, банк терминалын алып кеткен. Жедел іздестіру кезінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Шығын көлемі анықталуда», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жоғары қарай