Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақтөбеде бір айлық сәбидің жағдайына қатысты оқиға тексерілуде

2019 жылдың 29 наурыз 2019 21:20 827

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік ата-ана дәрігерлердің салғырттығына наразы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының тұрғындары тілшілерден көмек сұрап, нәрестенің жағдайын айтып берді. Сәбидің әкесі Дәурен Исмаиловтың айтуынша, 15 наурыз күні баланың дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырды. Әйтеке би аудандық ауруханасының фельдшері баланың дене қызуын түсіру үшін екпе жасады. Ал 16 наурыз күні сәбидің кіндіктен төмен бөлігінде ісік пайда болды.

«Баланың құйрығы, кіндіктен төмен білігі қарайып, ісіне бастады. Бала мазасызданып, жылай берген соң жедел жәрдем шақыруға тура келді. Алайда дәрігерлер жол-көлік оқиғасы болып, олар сол шақыруға кеткенін айтты. Біз өзіміз ауруханаға барып, хирургтерге көрсеттік. Олар бірден «жөргектен аллергия» деп айтып, «Бепантен» майын жағуымызды тапсырды. 17 наурыз күні де жағдай еш өзгермей, аурухана бас дәрігерінің орынбасары «Деазолин» беруді ұсынды. 18 наурыз күні ауруханаға қайта барып, айқау-шумен облыстық ауруханаға жолдама берілді. Облыс орталығында бірден «нәрестенің некротикалық флегмонасы» диагнозын қойып, 2 рет ота жасады. Дүйсенбі күні үшінші ота болады. Біз дер кезінде диагноз қоя алмаған ақ халаттыларды жұмыстан шығаруды талап етеміз», - деді баланың әкесі Дәурен Исмаилов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова ауруханада ем алып жатқан нәрестенің жағдайы қалыпты екенін айтып берді.

«Нәрестенің некротикалық флегмонасы» диагнозы қойылды. Себебі, сәбидің терісі тым нәзік әрі тез зақымданады. Тері ауруының арты флегмонаға, яғни, іріңді жараға ұласуы мүмкін. Баланың дене қызуы көтеріліп, ембей қалады. Мазасызданып, дененің белгілі бір бөлігі қызарып, ісінеді. Дәл осы кезде ауданда жедел жәрдем шақырылған. Дене қызуын түсіруге кеңес беріп, алғашында жөргекке аллергия деп қабылдады. Некротикалық флегмона анықталған соң бірден облыстық балалар ауруханасына жіберілді. 18 наурыздан бері нәресте ем алып жатыр. Нәресте неонталды хирургия бөлімінде ем қабылдауын жалғастырады, жағдайы тұрақты. Жамбасында, кіндіктен төмен бөлікте, шатында флегмона бар. Ата-ананың шағымынан соң аудандағы, облыс орталығындағы алғашқы медициналық көмектің қалай көрсетілгені анықталады», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова. 

 

Жоғары қарай