Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ақтөбеде егін жинау аяқталды

2019 жылдың 15 қазан 2019 06:08

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша 380 мың тонна астық жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, қала әкімі, селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты. Күзгі далалық жұмыстардың нәтижесі жайында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай баяндады. Биыл 788,3 мың га жерге дәнді дақыл егілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 34,2 мың га артық. Дақылдардың барлық түрлері бойынша өсу бар. Барлығы 457,3 мың га жер шабылып, орта есеппен гектарынан 8 ,3 центнер өнім алынды. Нәтижесінде 380 мың тонна астық жиналып отыр.

«4601 гектер жерден көкөніс дақылдары жиналып, өнім 94 мың тоннадан асты. Барлығы 6280 га жерден картоп жиналып, өнім 117 мың тоннаны құрады. Күзгі далалық жұмыстарды жүргізуге облыс шаруаларына 8,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген», - деді Қ.Сәрсембай.

Ауыл шарушылығы басқармасының басшысы аудан әкімдіктерінің жаңа техникалар сатып алу, субсидия төлеу, дизель тасып алу жұмыстарының тым баяу жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Оңдасын Оразалин аталған мәселелер бойынша аудан әкімдеріне жұмысты жандандыру қажеттігін, жанар-жағар май бағасы қымбаттамай тұрып, қазан айының соңына дейін тасымалдап алу жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.

Жоғары қарай