Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 4 адам жанып кетті

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 14:58

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Екі көлік соқтығысқан кезде газ баллоны жарылып, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 3:45-те тіркелді. Самара – Шымкент тасжолының 934-і шақырымы, яғни, Әйтеке би ауданының Белқопа ауылы маңында болды.

«Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғыны «Мазда-кронус» көлігімен Қарабұтақ ауылынан Ақтөбе қаласына бет алған. Белқопа ауылы маңында келгенде қарсы бетке шығып, Әйтеке би тұрғыныны айдап келе жатқан «Опель-Вектра» көлігімен соқтығысады. Екі көлік соқтығысқан кезде «Мазда-кронус» көлігіндегі газ баллоны жарылып, жанып кетті. Салдарынан көлік ішіндегі жүргізуші, әйелі мен ұлы, немересі көлік салонында көз жұмды. Сонымен қатар, «Опель-Вектра» көлігінің ішінде болған жүргізушінің әйелі мен ұлы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші Әйтеке би аудандық ауруханасына түсті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4 бөлігімен іс қозғалды.


Жоғары қарай