Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Ақтөбеде қалыңдығын өлтірген жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 13:53

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Бақыт Орынбасаровқа үкім шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақыт Орынбасаровқа қалыңдығы Әсем Эльбрусованы өлтірді деген айып тағылып отыр. Олар 2018 жылы танысып, 2019 жылы отбасы құруға келіскен. Тергеу нұсқасы бойынша, екі жас жалдамалы пәтерде кездесіп, 23 жастағы сотталушы сол жерде 22 жастағы болашақ жарын өлтірген. Кеше ол сотта соңғы сөзін айтып, кешірім сұрады. «Бақыт Орынбасаров Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтесін», - деді судья А. Сабыр.

Айта кетейік, сотталушы жәбірленушіге 2,7 миллион теңге материалдық және 3 миллион теңге моральдық шығынды өтеуі тиіс. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспеді, апелляциялық шағым береді.






Жоғары қарай